Назад

Опукен

Саламатсизба опукендикте кызды алган яьни ата анасы каитыс болып апасы алган енди сурак ол кыз 17 де турмыс куралама? 18ге толмай? Жалпы кыздын аиту боиынша болмаиды диды

Официальный ответ

Қайырлы күн!

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 10-шы бабына сәйкес
-Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
-Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі.
Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

Демек, жасы 18-ге толмасада, камкоршыларының (опекун) рұқсатымен некесін қиюға болады.