Жумыспен камту орталыгында тipкелiп турмын ягни 31000тенге колемiнде акша счетка тустi,счет алиментте арестте тур,31000тенге калай шешуге болады?жумыссыздыктан тускен акша арестке тусема? шешилема!?

Официальный ответ

Қайырлы күн!

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" заңының 97-і бабына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздығы кезiнде төленетiн әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақыларға, сондай-ақ оқушылардың стипендиялары мен жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыларға өндiрiп алуды қолдану төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы сот шешiмi бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Демек, егер сот шешімімен сол алған 31 000 теңгенің бір бөлігі алимент төлеуге жіберілсін деп шешсе, онда ол сомманың барлығын ала алмайсыз. Ал егер де, заңсыз түрде сол шотыңызға тиым салынған болса (арест), бұл жағдайда шағымдануға болады.